Үкімет отырысында Алексей Цой Түркиямен әуе қатынасын шектеп, басқа елдермен арадағы қосымша әуе рейстерін ашуды тоқтата тұруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Шетелдердегі жағдайдың нашарлауын ескере отырып, инфекцияның сырттан енуіне және таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен арада қосымша рейстердің қайта ашылуына тыйым сала тұрған жөн. Мысалы, Түркия Республикасына қатынайтын әуе рейстерәнің санын азайтуды ұсынамыз, - деді Денсаулық сақтау министрі.
"Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін келесі талаптарды белгілеу керек: термометрия, сауалнама толтыру, COVID-19-ға тапсырған тест анықтамасының болуы, онда да оның жарамды мерзімі 3 күннен аспау керек. Ал мұндай анықтамасы жоқтарды екі тәулікке карантинге қалдырып, тест нәтижесін күту қажет", - дейді ол.