Елде 28 мыңнан астам карантин режимін бұзу анықталды – ІІМ

Екі өңірде 4 блок бекеті және 2 санитарлық бекет қойылды.

Қазір Қазақстанда күн сайын 10 мыңға жуық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскерлері және шамамен 1000-ға жуық ерікті карантиндік және шектеу шараларын сақтау бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне көмек көрсетуге жұмылдырылады, деді бүгін үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның сөзінше, облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес екі өңірде 4 блок бекеті және 2 санитарлық бекет қойылды. Сонымен бірге, полиция қызметкерлері 299 карантиндік объектілерді бақылайды. Медициналық мекемелердің сұрауы бойынша аурумен байланыста болған адамдардың мекен жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

28 мыңнан астам карантин режимін бұзу анықталып, оның жолы кесілді. Оның ішінде 4 600-ден астамы - сауда орталықтары, дүкендер, базарлар, 1 700-і мейрамханалар, кафелер және басқа да демалыс орындары. Олардың ең көп саны Қостанай (5 116), Батыс Қазақстан (2 674), Түркістан (3 532), Шығыс Қазақстан (2 124) облыстарына, сондай-ақ Алматы қаласында (3 876) тіркелді. Ішкі істер органдары төтенше жағдай кезінде карантин режимін бұзушыларды ӘҚБтК-нің 476-бабы "төтенше жағдай режимін бұзу", ӘҚБтК-нің 478-бабы "төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттер" бойынша тартқанын атап өту қажет. ТЖ құқықтық режимінің тоқтатылуымен карантинді бұзу фактілерін әкімшілендіру мәселелері қозғалды және олар Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне кіреді. Осы ретте тиісті министрлікпен бірге рейдтер жүрізіледі, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: