Соңғы 2 жылда ҚР ІІМ-нің бастамасымен көші-қон саласында 23 халықаралық келісімге қол қойылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың 5-і көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді (Әзірбайжанмен, Беларусьпен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен), 15-і адамдардың реадмиссиясы мәселелерін реттейді (Беларусьпен, Венгриямен, Германиямен, Қырғызстанмен, Латвиямен, Литвамен, Молдовамен, Норвегиямен, Польшамен, Ресеймен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен, Чехиямен, Швейцариямен және Бенилюкс елдерімен) және 3-і азаматтардың Тараптар аумағында болу тәртібін айқындайды (Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен).
Келісімдермен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында ақпарат алмасу тәртібі реттелді, көші-қон заңнамасын бұзушыларды басқа елдерге беру туралы мәселе шешілді, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімдері реттелді.
Мысалы, ІІМ Көші-қон қызметінің жұмыс нәтижелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда жыл басынан бері пысықталған алгоритм бойынша қос азаматтығы үшін жауаптылыққа тартылған 284 бұрынғы азамат анықталды.
Азаматтығынан айырылған адамдар бола тұра, тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасына келу және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдаланды. Олардың бірқатары шет мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы уақтылы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы заң бұзушылықтар үшін 266 адамға ( 277800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін) айыппұл салынып, 18 адам елден шығарылды. Жаза тағайындау туралы шешімді сот органы қабылдайды.
Халықаралық келісімдер қос азаматтықты болдырмау жөніндегі жұмысты жеңілдетеді, өйткені екінші Тараптың азаматтығын алу туралы мәліметтерді қазақстандық Тарап қысқа мерзімде алады.
Көші-қон саласындағы тағы 9 келісім (Армения, Вьетнам, Грузия, ҚХР, Молдова, Ресей, Түркия, Украина, Франциямен) келісу мен қаралу үстінде.