Денсаулық министрі 5 қазаннан бастап елімізде қандай шектеу шаралары енгізілетіндігін айтты

turisto.com
Басқа елдермен арадағы әуе қатынасын жаңғырту ісі тоқтатылды.

Үкімет Денсаулық сақтау министрінің 30 қыркүйекте үкімет отырысында айтылған ұсыныстарын жүзеге асыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

- ВАК биылғы жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді мақұлдады: басқа елдермен арадағы әуе рейстерін қайта жаңғыртуды тоқтату, әуе қатынастары қалпына келтірілген елдермен арадағы рейстердің санын арттырмау, Түркияға қатынайтын әуе рейстер санын азайту. ІІ-санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометриядан өтуді, сауалнама толтыруды, сондай-ақ қолында мерзімі 3 күннен аспаған COVID-19-дың бар-жоғын растайтын анықтама қағаздың болуын міндеттеу. Ал мұндай анықтамасы жоқ жолаушыларды карантинге орналастыру үшін екі күнге ауруханаға жатқызу, яғни КВИ тестінің нәтижесі шыққанша оқшаулау. Ал КВИ нәтижесі расталған адамдар инфекциялық ауруханаға ауыстырылады, ал теріс нәтижесі барлар тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігердің бақылауына алынады. Осындай талаптар ЕАЭО елдері мен Өзбекстанның автожолдарындағы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға да қатысты болады, - деді Алексей Цой арнайы өткен брифингте.

Үкімет отырысында инфекцияның сырттан енуін және таралуын болдырмау үшін, әрі шет елдердегі ахуалдың нашарлауын ескере отырып, Денсаулық министрі 5 қазаннан бастап басқа елдермен арадағы қосымша рейстердің қайта жаңғырту ісін уақытша тоқтата тұруды, әуе қатынасы қалпына келтірілген елдермен байланысты арттырмауды, соның ішінде Түркия еліне рейстер санын азайтуды ұсынған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Үй жинаймын деп хантавирус жұқтырып алмаңыз - дәрігер

"Сарбаз" газеті 90 жылдығын атап өтті

Маңғыстау облысында ұлыбританиялық туристер мінген автокөлік сорға батып қалды

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады