Алматы облысының 15 медицина қызметкері мемлекеттік награда алды

Алматы облысының әкімдігі
Батыржан Байжұманов облыс әкімінің атынан қажырлы еңбегі мен кәсібіне адалдығы үшін марапат иелеріне алғыс білдірді.

Бүгін Алматы облысында коронавирус инфекциясымен күрес шараларына белсене үлес қосқан денсаулық сақтау саласының мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін марапаттау рәсімі болды. Марапаттау шарасы Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайы ғимаратында өтіп, марапат иелерін облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өңір азаматтарының денсаулығын қорғауда табандылық танытып, қажырлы еңбек еткені үшін өңірдің 15 медицина маманы Парасат, Құрмет ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат" медальдарымен, сол сияқты Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ облыстың бір топ журналистері Мемлекет басшысының Алғыс хатына ие болды. Облыстық "Жетісу" телеарнасының директоры Серік Сарыбайға ҚР Президентінің сыйлығы мен төс белгі берілді.

Барлық қатысушыларды алдағы Астана күнімен құттықтаған Батыржан Байжұманов облыс әкімінің атынан қажырлы еңбегі мен кәсібіне адалдығы үшін марапат иелеріне алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде