Армения Таулы Қарабақ бойынша келіссөзге дайын екенін хабарлады

EPA-EFE
Баку армян СІМ-нің мәлімдемесіне әзірге пікір білдірмеді.

Ереван дербестігін жариялаған Таулы Қарабақтағы атысты доғару үшін, ЕҚЫҰ-ның Минск тобының арағайындығымен, 1994-1995 жылдардағы келісім негізінде келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Арменияның сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Армян сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Әзербайжанның Таулы Қарабаққа қарсы күш қолданғанын, Түркияның Арменияға қарсы әскери қимылдарға араласқанын сынады. Ереван жанжалды бейбіт жолмен шешкісі келеді, бірақ Әзербайжан агрессиясын тойтаруды тоқтатпайды, делінген мәлімдемеде.

Баку армян СІМ-нің мәлімдемесіне әзірге пікір білдірмеді.

Әзербайжан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 2 қазанда әзербайжандық жауынгерлер Таулы Қарабақтағы стратегиялық маңызды шоқыға бекінді. Тәуелсіздігін әлемдік қауымдастық мойындамаған республика шекарасында түнімен атыс болғанын Армения қорғаныс министрлігі де растады.

27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжанның Таулы Қарабақтағы әскери жанжалы қайта тұтанды. Екі елде де әскери жағдай жарияланды. Ондаған адам қаза тапты, олардың арасында бейбіт тұрғындар бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды