Мемлекет басшысына оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы бойынша есеп берілді

Ақорда
Жалпы 100-ден астам оқулық аударылған.

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында берілген тапсырма бойынша ақын шығармаларының он тілге аударылғаны жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы баяндалды. Рауан Кенжеханұлының айтуынша, бұл жоба жыл аяғына дейін аяқталады. Жалпы 100-ден астам оқулық аударылған.

Кездесу барысында балалар арасындағы суицидтің алдын алу мәселесіне, білім берудің онлайн-платформасын дамытуға, сондай-ақ, аударма және терминология салаларына қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған мәселелердің маңызды екенін атап өтіп, мүдделі мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, оларды пысықтауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді