Атырауда жасырын казино қызметінің жолы кесілді

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі
Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі "Каспий Голд" карточкаларына ақша аудару арқылы сатып алынған.

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде "Бомонд" кафесінің VIP залында орналасқан жасырын казино қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұйымдастырушылар өз мақсаттары үшін ойыншыларды тарту арқылы пандемия кезінде карантин режимін бұзып, казино түрінде заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырған.

Оқиға орнын тексеру барысында арнайы кенеп, ойын карталары, "Техас Холдем" покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер және т. б. қылмыс құралдары табылып, тәркіленді

Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі "Каспий Голд" карточкаларына ақша аудару арқылы сатып алынған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 307-бабы 1-б. негізінде сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео