Күні бойы әзірбайжандардың шабуылы туралы видеолар қарадым, сонда екі түрлі нәрсеге қайран қалумен болдым, дейді желіде Қуаныш Еділхантегі.
Біріншіден, барлық Батыс елдері соғысты тоқтату керек деп жатты. Тіпті кейбіреулері беттері бүлк етпестен әрмендерге қарсы агрессиялық соғыс тоқтатылсын, геноцид орын алмасын дейді. Мұндай екіжүзділік саясат РФ тарапынан да орын алып жатыр.
Сонда 30 жыл бойы әзірбайжандардың агрессияға ұшырап, Таулы Қарабақтан басқа тағы да жеті ауданынан айырылып отырғаны тайға таңба басқандай көрініп тұрса да көпшілік Батыс елдерінің Әзірбайжанды қолдамауы - олардың саясатының екіжүзділігін, дін үшін халықаралық нормаларды ойланбастан құрбандыққа шалатынын көрсетті. Тек бірлі-жарым елдер, Украина сияқтылар ғана Әзірбайжанның соғысы әділетті соғыс екендігін мойындады. Онымен салыстырғанда біздің елдің жалтақтық танытып, үндемей құтылуға тырысуы өте өкінішті, бұл қандас әзірбайжан халқынан ұят жағдай болды.
Екіншіден, әрмендердің үгіт-насихаты сұмдық екендігі. Әзірбайжандардың интернетті айырып тастауы дұрыс екен – әрмендердің өтірікті судай сапырғанда ұяттан мүлдем жұрдай екендігі белгілі болды.
Мысалы, олар бүгін Гянжа қаласын Әрмения территориясынан атқылаған. Снаряд бір үйге түсіп, жанында тұрған көлік ішіндегі адам қайтыс болған, бірнеше адам жараланған. Соны әрмендер Гянжа қаласында әскери әуежайды күл-талқан еттік деп хабарлапты. Шындығында Гянжада небәрі жалғыз ғана азаматтық әуежай бар екен, коронавируске байланысты онда азаматтық ұшақтар уақытша қабылданбай тұр, ал әскери ұшақтар дін аман. Ондағы мақсаты – егер әзірбайжандар қарсы жауап соққы берсе, онда ОДКБ шеңберінде басқа елдерді өз соғыс орбитасына тарту.
Осындай жалған мәліметтер интернетте толып жүр. Олардың өткен ғасырдың басында түріктер әрмендерге геноцид ұйымдастырды дегені де сондай ойдан шығарылған өтірік екені белгілі болды, олар басқа жұрттың миын осылай жууға әбден дағдыланған ұлт екені айқындала түсті, деп пайымдайды пост авторы.