Нұр-Сұлтанның қайта карантинге жабылатындығы туралы хабарлама - фейк

Steppe
Беймәлім адамның дауысы жазылған аудиохабарламада қаланы айналдыра блок-бекеттер қойылатындығын айтады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті WhatsApp арқылы тараған, яғни Нұр-Сұлтан қаласының 15 қазаннан бастап карантинге жабылатыны туралы аудиохабарламаға"түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, бүгінгі күндері Нұр-Сұлтан қаласын биылғы жылдың 15 қазанынан бастап жабу және қаланың периметрі бойынша бақылау-өткізу бекеттерін орнату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, делінген министрліктің хабарламасында.

"Құрметті азаматтар! Сіздерден әлеуметтік желі арқылы тараған жаңсақ ақпаратқа сеніп қалмауларыңызды және Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайты мен Facebook-тегі аккаунты, сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау жөнінжегі ВАК-тың Telegram каналы (t.me/kkkbtu) сынды тек ресми ақпарат көздеріндегі мәліметтен қанық болударыңызды сұраймыз".

Қасақана жалған ақпарат таратқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді