"До конца тұрамыз". Бішкекте митинг өтіп жатыр

24.kg
Наразы топ сайлау нәтижелерімен келіспейтіндіктерін айтты.

Өткен жексенбіде Бішкекте Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауы өтті. Дүйсенбіде жеңілген партиялардың өкілдері Ала-Тоо алаңына жиналды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алдын ала нәтижелер бойынша, төрт партия 7 пайыздық межені еңсеріп, Парламентке өтті, деп хабарлайды 24.kg.

Бірлік партиясы - 24,53%;
Мекенім Қырғызстаным - 23,9%;
"Қырғызстан" - 8,74%;
Бүтін Қырғызстан - 7,09%.

Дүйсенбіде жеңіліске ұшыраған партиялардың өкілдері митинг өткізді. Акцияға қатысушылар саны мыңға жетті деп хабарланды. "Қырғызстан социал-демократтары", "Мекенчіл", "Реформа", "Чон Казат", сондай-ақ "Мекен Ынтымагы" партияларының жақтаушылары мен кандидаттары келді.

- Бүгін біз мерзімсіз наразылық акциясын жариялаймыз. Қажет болса, біз де осында түнейміз, - деді "Мекенчіл" партиясының өкілі Мелис Аспеков.

Наразы топ сайлау нәтижелерімен келіспейтіндіктерін айтты. Олар жеңіске жеткен партиялар сайлаушыларды жаппай сайлау учаскелеріне апарып, дауыстарды сатып алды деп санайды.

Митинг төбелеске ұласып кете жаздады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты