Талғар ауданында қырғауыл атқан ауыл тұрғыны ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Ол тіркелген аңшы мылтығымен екі мәрте оқ атқанын мойындады.

2020 жылғы 5 қазанда Талғар ауданының полицейлері ғаламторды мониторингілеу кезінде таңғы сағат 09-да шамасында ауылдың маңында оқ атып, аңшылық жасаған тұлғалардың әрекетіне шағымданған ауыл тұрғынының бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, шағым айтушы ұялы телефонына қолында қаруы бар адамды түсіріп алған.

Аталған дерек ресми тіркеліп, Талғар АПБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы полиция капитаны Д.Б. Берікбаев оқиға орнына жеткен. Ол Арқабай ауылының 34 жастағы тұрғынының қырғауылдарды заңсыз аулағанын анықтап, оның атына тіркелген аңшы қаруын тәркіледі.

Ұсталған азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 382-бабына сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адам оған тіркелген аңшы мылтығынан Талғар ауданына қарасты елдімекен жанында екі мәрте оқ атқанын мойындады. Бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған. Бұған дейін азаматтың заңға қайшы әрекет жасамағанын және істеген ісіне өкінетіні ескерілді. Тәркіленген қаруы әкімшілік айыппұлын төленгеннен кейін өзіне қайтарылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді