Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің мүддесін бәрінен жоғары қойып, қоғамның екіге жарылуына жол бермеу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы "Кабар" агенттігіне президенттің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева жеткізді.
Жээнбеков бар күш-жігерін елді құқықтық жолға қайтаруға бағыттауда. Бұл ең алдымен кешегі парламенттік сайлау нәтижелеріне қатысты. Қалыптасқан жағдайға байланысты мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясын заң бұзушылықтарға қатысты барлық материалдарды мұқият зерттеуге шақырады, - деп атап өтті ол.
"Өкінішке қарай, қырғызстандықтар бұған дейін екі көтерілісті бастан кешірді, бейбітшілік пен тұрақтылықтың құнын жақсы біледі. Сондықтан президент Сооронбай Жээнбековтың бар мақсаты елді жақын арада құқықтық жолға қайтару болады. Мемлекет басшысы елдегі барлық саяси күштерді Қырғызстан мен оның азаматтары үшін ақылға келуге шақырады", - деп қосты баспасөз хатшысы.