Митингке шыққандар түрмедегі Алмазбек Атамбаевты босатып алды

24.kg
Бішкектегі наразылық білдірушілер Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына баса-көктеп кірді.

Бішкектегі наразылық білдірушілер Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына баса-көктеп кірді. Арнайы қызмет қаруын тастап, берілді. Экс-президент Алмазбек Атамбаевтың тергеу изоляторынан босатылғаны туралы да хабарланды.

Әскери прокуратура қарауында Қырғыз Республикасының экс-президенті Алмазбек Атамбаевты күдікті ретінде жауапқа тартатын алты іс бар. Екеуі - криминалды авторитет Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуы және өткен жылдың 7-8 тамызындағы Қой-Таштағы оқиғалар, олар бойынша сот процестері әлі жүріп жатыр.

Сондай-ақ БАҚ сыбайлас жемқорлық үшін сотталған бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың да колониядан босатылғаны туралы хабарлайды. Қырғыз елінің министрлер кабинетінің бұрынғы басшысының үстінен екі қылмыстық іс қозғалған, біріншісінде ол 18 жылға, екіншісінде 15 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз