Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Президенті:
- Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
- Агенттіктің құрылымы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулады бекітті.
Агенттікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріледі.
Жаңа агенттікті құру туралы жарлыққа 9 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Жаңа агенттікті Жұманғарин Серік басқарды.
Қазақстан бәсекелестігін қорғау және дамыту агенттігі туралы ереже Ақордада жарияланған.