Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметінен кетуге ерік білдірді

atpress.kz
Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып Асхан Бадувалиев тағайындалды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрлыбек Қабдықапаров өз еркімен қызметінен кетуге өтініш білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровқа қызметтік міндетін тиісті атқармағаны үшін бірнеше себептермен қатаң сөгіс жарияланды. Олардың ішінде COVID-19-ға қарсы күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырудағы, инфекция жұқтырған медицина қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер ұйымдастырудағы, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде өңірдің медицина мекемелерін жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етудегі кемшіліктер бар, - деп "Ақ жайық" басылымы сауалына облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді.

Ол бұл мәселелер бойынша түсініктеме жазып, кейін өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берді.

Еске салсақ, 50 жастағы Н.Қабдықапаров осы жылдың мамыр айының басында денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды, содан кейін "міндетін атқарушы" дегені алынып тасталды. Бұл лауазымды қызметке ол толық емес, бірақ, ең ауыр 4 айда облыс медицинасына жауап берген Байтолла Ғазизовтың орнына келді.

Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып Асхан Бадувалиев тағайындалды. Бұған дейін ол ай жарым уақыт басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі