БҚО-да кезекші сыныпта оқитын екі баладан КВИ анықталды

Pixabay
Олар бір үйдің баласы болып шықты.

Батыс Қазақстан облысындағы мектепте кезекші сыныпта оқитын екі оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Екеуі де бір үйдің балалары. Олардың індетті әкесінен жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Хабар-24"-тің хабарлауынша, дене қызуының көтерілуіне байланысты балалар емханаға қаралған. Сыныптағы өзге оқушылар мен мұғалімдердің де сынама алынды. Әзірге ешқайсысынан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Қазіргі уақытта ауырған екі оқушы үй жағдайында ем алып жатыр.

Мұхамғали Арыспаев, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Сол мектептегі оқушылар қашықтан оқуға жіберілді. Мектепте үйдегі болған жағдайға байланысты дезифекциялық шаралар өткізілді. Жалпы қазіргі кезеңде барлық мектептерде ерекше тәртіп бойынша жоспарлы түрдегі тексерістер жүргізіліп жатыр. Сол кездерде осы санитариялық, дезинфекциялық ережелерді сақтау мәселесінің бәрі қаралады. Арақашықтық сақтау, бетперде кию мәселелері тексеру кезінде бәрін қамтимыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды