Карантиннен зардап шеккен кәсіпорындар жыл соңына дейін МӘМС жарналарынан босатылды

Pixabay
Жұмыс берушілер қызметкерлердің деректерін с msb.fms.kz сайтында тіркеуі тиіс және ай сайын ақпаратты жаңартып отыру қажет.

Экономиканың ең көп зардап шеккен ШОБ саласына жыл соңына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев, Үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 1 қазанына дейін ШОБ-тың 29 санатын және 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ірі кәсіпкерліктің 10 санатын жарналар мен аударымдардан босатқанын хабарлады.

"ҚР Президентінің 1 қыркүйектегі Жолдауында экономиканың ең көп зардап шеккен салаларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босату кезеңі жыл соңына дейін ұзартылды", - деп атап өтті Т.Әбілдаев.

Өз қызметкерлерін сақтандыру үшін жұмыс берушілер олардың деректерін с msb.fms.kz сайтында тіркеуі тиіс және ай сайын ақпаратты жаңартып отыру қажет.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті