Ақтөбеде ауылдық округ әкімі ақшақұмар алаяқ боп шықты

ztb.kz
Халық тікелей сайламаған бұл әкім 11 млн теңгені жымқырған.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Аграрлық несиелік корпорация" АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалы "Құлан" бағдарламасы бойынша шаруашылық қожалығының иесіне 40 жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңгені құрайтын несие бергені анықталды.

Алайда, бөлінген несие шаруа қожалығының иесіне жетпеген.

Ауылдық округтің әкімі жалған құжаттар мен түбіртектерді пайдаланып, көрсетілген қаражатты алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 190-бабы 4-б. (аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша жүргізіліп, оның аясында ауылдық округ әкіміне "қамауға алу" шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі