КВИ антиденесі бар-жоғын анықтау үшін қан тапсыру - ақшаны желге шашқанмен бірдей

gazeta.ru
Маманның айтуынша, ғалымдар коронавирус жұқтырып, антидене пайда болған соң иммунитеттің қаншалықты күшті және ұзаққа созылатындығын әлі анықтаған жоқ.

Ерекше қауіпті инфекциялар бойынша маман Владислав Жемчугов коронавирусқа қарсы антидене бар-жоғын анықтау үшін тест тапсыру ақшаны желге шашқанмен бірдей деп санайды, деп хабарлайды zakon.kz gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

- Одан бар білетініңіз - коронавируспен ауырдыңыз ба, жоқ па, ал ауырған болсаңыз қанша уақыт бұрын ауырып кеткендігіңіз. Әрине, егер тест оң нәтиже беріп, Сіздің коронавируспен ауырып кеткеніңізді анықтаса, бұл енді сіз маскасыз жүре беруіңізге болады және жалпы қауіпсіздік шараларын елемеуге де болады дегенді білдірмейді, - дейді Жемчугов kp.ru сайтына берген сұқбатында.

Оның айтуынша, ғалымдар коронавирус жұқтырып, антидене пайда болған соң иммунитеттің қаншалықты күшті және ұзаққа созылатындығын әлі анықтаған жоқ.

- Тағы бір жағынан, егер сіздің қаныңызда КВИ-ге қарсы дене болса, онда бұл коронавирусқа қарсы вакцинаны бір жылдан кейін салдыру керек дегенді білдіреді. Олай етпесеңіз, жасанды иммунитет адам бойындағы табиғи иммунитеттің көзін жойып жібереді, - деп атап өтті сарапшы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі