СҚО-да алты блок-бекет қойылды

zakon.kz
Өңірде шілде айының ортасынан бастап облыста ҚР ӘКҚБтК-ның 425-бабы, яғни "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормалардың талаптарын бұзу" бойынша 1 547 заңбұзушылық анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысы полициясы екі аудан орталығындағы алты блок-бекетте кезекшілікте тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары, дәрігерлер және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, ішкі істер органдарының қызметкерлері қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қызметті жүзеге асырады.

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында блок-бекет 9 қазаннан бастап тұр. Енді қазір аудан орталығына кіріп-шыққандарды 4 блок-бекеттің қызметкерлері бірден бақылайды. Мамлют ауданының орталығы Мамлют қаласында 2 блок-бекет тұр. Ол 12 қазанның сағат 00: 00 уақытынан бастап жұмысқа кірісті. Сондай-ақ, полиция Есіл ауданының әкімшілік орталығы Явленка ауылында патрульді күшейтті. Полиция қызметкерлері көшедегі қоғамдық тәртіпті қадағалайды, ауыл тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауды ескертеді: маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев атап өткендей, шілде айының ортасынан бастап облыста ҚР ӘКҚБтК-ның 425-бабы, яғни "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормалардың талаптарын бұзу" бойынша 1 547 заңбұзушылық анықталды. Көбіне Петропавл қаласының аумағында, мұнда осы бапты бұзудың 745 фактісі анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді