Нұр-Сұлтан әуежайына түскен жолаушылардың 104-інде коронавирустың бар-жоғын айғақтайтын құжаттары болмаған. Сондықтан олар карантинге жіберілді, деп хабарлайды zakon.kz.
Бүгін түнде Нұр-Сұлтан әуежайына Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai әуе компанияларына тиесілі 4 ұшақ қонып, шетелден 514 адам келді. 104 жолаушыда коронавирустың бар-жоғын айғақтайтын құжаттары болмаған, олар стационарлық карантинге жіберілді. ПТР анализ алынып, нәтижесі шыққан соң олар үйге жіберіледі, ал егер сынама КВИ барын растаса, ондай жолауышлар бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтіледі.
Сондай-ақ бүгін түнде шақтан түскен Канада азаматы кері депортацияланды.
Еске сала кетелік, 2020 жылдың 6 қазанында ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа жарлығы күшіне енді. Ол бойынша коронавирустың бар-жоғын нақтылайтын құжатсыз елімізге келген шетелдіктер кері депортацияланады.