Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы дүниеден озды

Facebook
Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті - Қосанов.

Қазақстан президенттігіне үміткер болған Әміржан Қосановтың анасы қайтыс болды. Қаралы хабар саясаткердің Facebook-тегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қосанов парақшасында жас кезіндегі "Жаратқанға жалбарыну" деген өлеңінен үзінді келтіріпті:

"...Екінші тілек – дара шын,
Құлдықты сала сұраймын:
Аман болсын анашым -
Аққызы Нағашыбайдың", -деп жазыппын.
Бүгін менің сол тілегімді Жаратқан ием ұмытып кетті...", делінген жазбада.

Еске сала кетелік, саясаткер және қоғам қайраткері Әміржан Қосанов 2019 жылы өткен президенттік сайлауға қатысты.

Zakon.kz редакциясы Әміржан Қосанов пен оның отбасы қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз