Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Ақорда
Ол бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға оралып жатқанын баса атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға оралғаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен-ақ сабырға шақырдық", деп жазды Президент Twitter-де.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы көрші елдегі қазіргі президент Сооронбай Жээнебековты қолдайтындығын да айтты.

"Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды", деп атап өтті Тоқаев.

Айта кетсек, 5 қазанда Бішкекте оппозиция митингі өткізді. Олар Жоғарғы Кеңес - ел парламенті сайлауының нәтижелерімен келіспейтіндіктерін білдірді. Дауыс беруге қатысқан 16 партияның тек төртеуі ғана парламентке өтті. Демонстранттар сайлау нәтижелерінің жойылуын, екінші рет дауыс беру процесін талап етті. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 1000-нан астам адам жарақат алды. Кейін Қырғыз елінің Қауіпсіздік Кеңесі, содан кейін ОСК сайлау нәтижелерінің күшін жойды. Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті