Министр Балаева радикалды идеологияның таралуына жол бермеу керек деді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Жергілікті атқарушы органдарға олардың дін саласындағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын талқылау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеңеске облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Антитеррорлық орталығы Штабының өкілдері, сондай-ақ облыстық дін саласына уәкілетті басқармалардың басшылары қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері - мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайту, діни бірлестіктермен тығыз ынтымақтастық, сондай-ақ радикалды идеологияның қоғамда таралуына жол бермеу екенін атап өтті.

Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдарға олардың дін саласындағы қызметін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды