Коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығаратын зауыт желтоқсан айында іске қосылады

Pixabay
Зауыт құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы 2020 жылдың желтоқсанында аяқталады деп үміттенетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Зауыт құрылысы, негізінен, жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр. Біздің әріптестеріміз, Білім министрлігі осы мәселелермен айналысуда. Зауыттың іске қосылуы желтоқсан айына жоспарланған, сондықтан қазір жұмыс қарқынды жүруде. Ол уақытында орындалады деп сенеміз, - деді Цой.

Министр зауыттың Жамбыл облысында, Қордай ауданының Гвардейский қалалық типтегі поселкесінде салынып жатқанын түсіндірді.

Биофармацевтикалық вакцина зауытының құрылысы 2020 жылдың маусым айында басталды. Ол коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны қоса алғанда, өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкес иммунобиологиялық препараттар шығаратын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті