Мемлекеттік нөмір мен көлікті тіркеу куәлігін үйге жеткізіп беру қызметі ашылды

Қызмет жеке тұлғаларға қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.

eGov.kz порталында қазақстандықтарға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды. Бұл үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкері мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге әкеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

"Біз үшін ең бастысы азамат үйде отырып автокөлік сатып алуға байланысты қызметтердің барлық пакетін ала алатын кезде көлік құралын ресімдеу процесін толық автоматтандыру болды. Егер бұрын бұл үшін қазақстандықтарға кем дегенде екі рет мамандандырылған ХҚКО-ға бару қажет болса, бүгінгі күнде оны eGov.kz порталында ресімдеп, қайта ресімдеп, нөмірлік белгіні таңдап, автокөлікті есепке қойып, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді ресімдеуге болады", - деп түсіндірді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

"Электрондық үкімет" порталында "Көлік және коммуникациялар" бөлімінің "Автомобиль көлігі" бөлімшесінде жеткізуді ресімдеу үшін "МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу" қызметін таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет.

Сонымен қатар, жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚКО атауы мен толық мекенжайын көрсете отырып, барлық міндетті жолдарды толтыру керек. Осыдан кейін қызметке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегімен не болмаса бір реттік смс-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).

Қызмет Жеке тұлғаларға қолжетімді. Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: