Жогорку Кенештің Төрағасы жаңа мемлекет басшысы сайланғанға дейін президенті міндетін атқаруы тиіс, деп хабарлайды zakon.kz.
Қырғыз Республикасы конституциясында президент отставкаға кеткен жағдайда парламент спикері мемлекет басшысы міндеттерін орындауы керек делінген. Бір күн бұрын Жогорку Кенеш депутаттары жаңа спикер сайлады. Оның есімі - Қанатбек Исаев.
Алайда бүгін, президент Сооронбай Жээнбековтің отставкаға кетуін талап еткен митингтер басталған кезде, Исаев мемлекет басшысы қазір қызметінен кетпеуі керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Қырғыз еліндегі жағдай тұрақсыз әрі алаңдатарлық деңгейде. Алтыншы шақырылымның өкілеттік мерзімі аяқталып жатыр, ал Садыр Жапаров бастаған үкімет өз міндеттеріне енді ғана кірісті. Жақын күндері Ортсайлауком Жоғарғы Кеңестің жаңа сайлауы өтетінін жариялайды, оны мынандай тұрақсыздық жағдайда өткізу орны толмасжағдайға соқтыруы мүмкін.
- Бүгінгі күні президент заңды биліктің жалғыз көзі болып табылады. Ол қазір қызметінен кетпеуі керек. Бұл дұрыс емес және ол жаңа бір толқуды тудыруы мүмкін, - деп келтіреді 24.kg ақпараттық агенттігі Қанатбек Исаевтың сөзін.
Ал Sputnik Қырғызстан қазір наразылық білдірушілер спикердің отставкасын және парламенттің таратылуын талап етіп жатқанын жазады. Бұл жерде мыңнан астам адам бар. Наразылық білдірушілерге тағы бір автобус адам келіп қосылды.
Сондай-ақ, Қырғызстанның конституциясында егер спикер болмаған жағдайда, онда президент міндетін премьер-министр атқарады деп көрсетілген. Депутаттар бір күн бұрын жаңа премьер-министрді сайлады. Оның есімі - Садыр Жапаров.