Бұл сұйықтықпен қолды дезинфекциялап қана қоймай, ішуге де болады екен, деп хабарлайды "Хабар 24".
Санитайзер бірнеше жыл бұрын жасалған болса да, оның қасиеттері коронавирус пандемиясында сұраныстағы тауарға айналғаны анық.
Владислав Цой, тілші:
– Антисептиктер осы зауытта шығарылады. Оның басқа аналогтардан айырмашылығы – құрамында спирт жоқ. Сұйықтықты жасап шығарушылардың сөзіне сенсек, оны тіпті ішуге болады. Сутегі-ион су 10 секунд ішінде бактериялар мен вирустардың 99,9 процентін жояды екен. Міне, қазір ішіп көрейін. Дәмі қышқыл, лимон дәміне ұқсайды, ішуге жарамды. Сарапшылардың сөзінше, сұйықтықты тіпті көзге шашса, микробтарды жояды. Сонымен қатар бұл сұйықтықты бетпердеге шашып, оның қолдану мерзімін ұзартуға болады. Дәл қазір зауыт директорынан мұндай сұйықтықтың қалай жасалатынын сұрап, білеміз.
Соль Сан Джун, компания президенті:
– Иондалған сутегі антиоксидант ретінде әрекет етеді. Ол қабынуды тыныштандырады немесе емдеуге әсер етеді. Коронавирус жұқтырған, дәрі-дәрмек тағайындалмаған науқас бұл суды ішкеннен кейін температурасы төмендеді. Енді клиникалық зерттеулер жүргізу қажет. Сондай-ақ COVID-19-ды жеңген адамдарда асқынулар болады, су қабынуды азайтып оксиданттарды организмнен шығарып, жағдайды жақсарта алады. Бұл антисептикті үй немесе жұмыс орнын залалсыздандыру үшін де қолданады. Мынау бір бөлмеге арналған. Ал мына дезинфекциялық құрылғы жүз шаршы метрлік бөлмелерді залалсыздандырады. Автокөліктерге арналған мынадай мини-антисептиктер де бар.
Зауыт қызметкерлері бұл сұйықтық пен судың тепе-теңдігі мен оның микробтарды қалай өлтіретінін көрсетті. Тест өткізейік. Бұл ауыз су. Оның ph балансы бейтарап. Ал мынау иондалған сутек су – ph балансы 1,4 көрсетіп отыр. Иондар айналасында электр зарядын алады - бұл тотығу деп аталады. Тотығу залалсыздандыру мен оксиданттарды шығаруға әсер етеді. 1 литр иондалған сутегі суда 1200 миливольт электр энергиясы бар. Вирустар үшін мұндай заряд адамға найзағай түскенмен бірдей және өлімге әкеледі.
Жақында қазақстандықтар да бұл судың дәмін тата алады. Сұйықтықтың бір тоннасы 21-24 қараша аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан-Корей форумына жеткізіледі.