Жаңбырлы күні маска тағу шынымен де қауіпті ме

stopfake.kz
Ылғал маска тиімділігін жоғалтады, өйткені су қалыпты ауа ағынына кедергі келтіреді,

Әлеуметтік желілерде жауын-шашынды күні медициналық қорғаныс маскасын тағу қауіпті деген хабарлама пайда болды. Хабарлама авторлары Букингем университетінің профессоры және онкология маманы Кэрол Сикораға сілтеме жасайды, ол дымқыл ауа-райында маска қолдану ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Stopfake.kz анықтағандай, Кэрол Сикора бұл тақырыпта шынымен мәселе көтерген. Бірақ ол масканың ықтимал қаупі туралы айтқан жоқ, тек оны қалай дұрыс қолдану керектігін түсіндірген. Ылғал маска тиімділігін жоғалтады, өйткені су қалыпты ауа ағынына кедергі келтіреді, - деді ол.

- Масканы үнемі ауыстырып отыру өте маңызды, әсіресе олар суланған кезде. Бұл қымбат маскаларға да қатысты, - деді Кэрол Сикора.

Лас қолыңызбен масканы үстасаңыз, мысалы тамақтанар алдында шешсеңіз, оны қайта киюдің қажеті жоқ.

- Егер сіз күннің көп бөлігін сыртта өткізсеңіз және медициналық маска киіп жүрсеңіз, онда оны 2-3 сағат сайын ауыстыру керек.

Қорытынды: жаңбырлы ауа-райында маскалар қауіпті емес, бірақ олардың тиімділігі төмендейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі