Алматыда блок бекетті ойрандатқан экс-полицейге үкім оқылды

zakon.kz
10 жыл берді оған.

Экс-полицей Азат Азаматовты 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім оқылды, деп хабарлайды zakon.kz.

- 1994 жылы туған Азаматов кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айырылсын, - деді судья Мәди Көшікбаев.

Сонымен бірге, сот шешімімен Азат Азаматов қайтыс болған полицейлердің туыстарына моральдық және материалдық шығынын өтеуге міндеттелді.

Азаматовтың өзі сотта болған жоқ. Ол үкімді видеоконференцбайланыс арқылы тыңдады.

25 мамырда Алматының Қарасай ауданында мас жүргізуші көлігімен блок бекеттегі бетон қоршауға, сосын патруль көлігіне соғылған болатын. Оқиға салдарынан екі полицей қаза тауып, үшіншісі ауруханаға жеткізілген.

BMW жүргізушісі Азат Азаматов – бұрынғы полиция қызметкері болып шыққан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады