ШЫҰ мүше мемлекеттері Бас прокурорларының отырысы өтті

ҚР Бас Прокуратурасы
Іс-шараға Үндістан, Иран, Пәкістан, Қытай, Камбоджа, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения Бас прокурорлары қатысты.

ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің қатысуымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ БП) мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 18-ші отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс-шараға Үндістан, Иран, Пәкістан, Қытай, Камбоджа, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения Бас прокурорлары мен уәкілетті тұлғалары, Халықаралық прокурорлар қауымдастығының және ШЫҰ-ның Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымның Хатшылығы мен Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің прокуратуралары қызметінің тәжірибесімен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрестің заманауи практикасы және тиімді әдістерімен алмасты.

Қазақстанның Бас Прокуроры өз баяндамасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заманауи ақпараттық өзара іс-қимылының, оның ішінде заңсыз шығарылған активтерді қайтару механизмін енгізу қажеттілігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы шешім қабылданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс