Көкпекті ауданында қандай жолдар жөнделді

kazlenta.kz
Биыл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Тассай ауылының автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді.

Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 868,7 шақырымды құрайды. Ауданның 50 елді мекенін байланыстыратын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 72,5% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Көкпекті ауданының әкімі Серікқазы Сәдуақасовтың айтуынша, 2025 жылға дейін жолдардың 95% жақсы және қанағаттанарлық жағдайына қол жеткізу үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Биыл өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Тассай ауылының автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында Преображенка — Шұғылбай ауылдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілі-Малшы автомобиль жолының 54 шақырымына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

– Сондай-ақ, бүгінгі таңда ұзындығы 35 км "Көкпекті-Биғаш" автомобиль жолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада Қараөткел ауылына кіреберістің 30 шақырымы, Қойтас ауылына кіреберістің 10 шақырымы, Тассай – Үшкөмей 9 шақырымы, толағай ауылына кіреберістің 18 шақырымы, Преображенка – Үкілікіз 7 шақырымы жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді Серікқазы Сәдуақасов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео