Мұнайлы ауданында тұратын ерекше кәсіп иесі кір сабын жасайды

Пикабу
Бүгінде Гүлзия кішігірім цехта күніне 2000 жуық кір сабын шығарып отыр.

29 жастағы көпбалалы ана Гүлзия Қойлығулова Маңғыстау-1 ауылының тұрғыны. Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бизнес идеяны іске асыру бағыты бойынша оқуға қатысты, деп хабарлайды zakon.kz .

Бастапқыда Гүлзияның ойы балаларға арналған атракцион ашу болатын. Оқу барысында маркетингтік талдау, сұраныс деген ұғымдарды үйреніп ойын күрт өзгертеді. Ол күнделікті шығыны қай нәрсеге кететінін анықтай келе кір сабын жасау бизнесіне тоқталған.

Қажетті құрал жабдықтарын алып, сабынды шығаратын және кесетін құрылғыларын сатып алады. Бүгінде Гүлзия Атамекен ауылында орналасқан кішігірім цехта күніне 2000 жуық кір сабын шығарып отыр. Кәсіп иесі шикізатты KFC, Бархан бургер, Каспий гриль тез тамақтану орталықтармен бірлесіп келісім-шарт негізінде алып отыр. Дайын өнімдерін ауданның орталық базарына, қала супермаркеттеріне жеткізіп отыр.

Менің бір айдағы таза табысым 100 мыңға дейін жетеді. Ендігі жоспар кір сабыннды кетпіретін және сыртын қаптап шығаратын құрылғыларды алғым келеді. "Бастау Бизнес" жобасы арқылы осындай ерекше кәсіптің ашылуына септігін тигізгеніне риза боламын. Білікті мамандарымыздың кәсіптің негіздеріне үйретіп, бағыт бергені қуантады,- деді кәсіпкер Гүлзия Қойлығулова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме