ТЖМ қысқы дөңгелекке көшуге кеңес берді

inbusiness.kz
Дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілер ертең опық жеп қалуы әбден мүмкін.

ҚР ТЖМ автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өйткені күз мезгілінің келуіне орай жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі жиілейді, дейді.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша қараша айында жауын-шашын орын алып (көбінесе қар), боран соғып, екпінді жел, сондай-ақ еліміздің орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысына ерекше назар аудару қажет.

Жазғы шинаны қысқыға ауыстыру жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ауа температурасының төмендеуінен, сондай-ақ жауын-шашын болған жағдайда жолдың бетінде көктайғақ болуы мүмкін. Соның салдарынан жазғы доңғалақтардың тежелу қабілеті нашарлайды. Осының салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін. Көліктің дөңгелегін қысқы шинаға ауыстырмаған жүргізушілер тізгінге ие бола алмай, жолда күтпеген оқыс оқиғаларға тап болуы әбден мүмкін. Осылайша, олар өздерінің және жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді.

Күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ҚР ТЖМ ауа-райының өзгеруі, метеорологиялық мәліметтерді, ауа-райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынады. Дауылды ескертулер кезінде ұзақ сапарларға шықпағандарыңыз абзал.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды