Калачи ауылындағы "ұйқы ауруының" себептерін ұзақ уақыт зерттеп келе жатқан, профессор-эпидемиолог Байрон Крэйп бастаған Назарбаев Университетінің ғалымдар тобы 2012 жылдың аяғы мен 2015 жылдың қазаны аралығында ауыл тұрғындарының неге кенеттен ұйқыға кеткені туралы өз болжамдарын алға тартты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Калачи синдромын зерттеуде біз модельдеудің ғылыми әдісін қолдандық, оның мақсаты заңдылықтарды табу. Біз "ұйқы ауруымен" ауыратындар мен ауырмағандар арасындағы айырмашылық неде екенін егжей-тегжейлі зерттедік. Ұзақ жасалған талдау барысында біз аурудың тамаққа, созылмалы ауруларға немесе ауыл тұрғындарының зиянды әдеттеріне байланысты болуы мүмкін деген ондаған гипотезаларды жоққа шығардық. Бірақ содан кейін біз Калачидің барлық тұрғындары суды бір көзден - оны сорып, ауыл тұрғындарына сататын жергілікті тұрғынның жер асты сорғысынан ішетінін білдік. Әрине, су ақшаға сатып алынды, сондықтан үй жануарларына бұл су берілмеді. Жануарлар өзен суын ішті, бұл олардың неге ұйықтамағанын түсіндіреді", – деді профессор Крейп.
Осылайша ғалымдар судың химикаттармен улануы мүмкін деген қорытындыға келді. Организмнің химиялық интоксикациясы Калачи тұрғындары сипаттаған белгілерге ұқсас, бас айналу, әлсіздік, "мас болу" және тіпті галлюцинация сияқты белгілерімен болуы мүмкін.
"Химикаттар ауыз судың құрамына, мысалы, 80-ші жылдардың аяғынан бастап бос қалған уран кеніштері арқылы түсуі мүмкін. Әскерилер химиялық қалдықтарды тастауы мүмкін, кен орындарын стихиялық қоқыс жинау орындары ретінде қолданылуы мүмкін. Онда химиялық қару жасалып, жеке химикат-қалдықтар жерге көмілген болуы мүмкін", - дейді профессор Крейп.
Ғалым өткен жылдары іс жүзінде химиялық қалдықтардан оларды көбінесе бөшкелерге немесе баррельдерге салып құтылғанын айтты. Резервуарлардың металын уақыт өте келе тот басады, бөшкелер ағып кетеді, нәтижесінде улар жерасты суларына түсуі мүмкін. Бұл сценарий Калачи ауылында да жүзеге асырылған шығар. Ғалымның пікірінше, аурудың барлық кезеңінде 2012 жылдың аяғынан 2015 жылға дейін бөшкелердегі немесе баррельдердегі химикаттар толығымен суға түсіп, құрғап кетуі мүмкін.
Ауылда "ұйқы ауруы" соңғы уақытта пайда болмағандықтан, жақын маңдағы уран кеніштерінің біріне түсу арқылы ғана ғалымдардың гипотезасын растау немесе жоққа шығару мүмкін болады. Оған адамдарға түсу өте қауіпті, ескі кен орны кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін.
Сондықтан ғалымдар Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық гылымдар мектебімен бірлесіп арнайы ұшқышсыз ұшақ жасап, сынамалар алу үшін аппаратты уран кен орындарына түсірмек.
Алайда, қазір Калачи ауылында "ұйқы ауруы" бойынша зерттеу жұмыстары COVID-19 пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылды.
Калачи – Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл. Бұл аймақ түсініксіз ауруға байланысты бүкіл әлемге әйгілі болды. Тұрғындар бірнеше күн бойы ұйықтап, ал оянғаннан кейін олар естерін жоғалту, галлюцинация белгілеріне шағымданды. Бұл мәселені зерттеу үшін ауада оттегінің жетіспеуі, тұншықтыратын газдың көп шоғырлануы, радиацияның жоғары деңгейі, радон көздері және басқалар сияқты, "ұйқы ауруының" әртүрлі белгілерін атап көрсеткен әлемдік сарапшылар тартылды. Алайда ресми дәлелдер табылған жоқ. "Ұйқы ауруының" соңғы жағдайы 2015 жылы тіркелді.