Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Қазақстанға келді

ҚР СІМ
Министрлер халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен келіссөздері өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұрын аса жоғары және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға бейілділік расталды, делінеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы шарттар рухында екі елдің стратегиялық әріптестігі мен көпжоспарлы ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер барысында М.Тілеуберді Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға жасалған шабуыл фактілеріне жоғары алаңдаушылық білдіріп, қырғыз тарапын құқықтық тәртіпті және ҚР азаматтары мен компанияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

Министрлер халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Орталық Азия аймағында өңірлік кооперацияны дамытуда оң динамиканы сақтауға ерекше назар аударылды.

СІМ басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына қарсы бірлесіп іс-қимыл жасау мәселелерінде өзара әрекеттестік жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек