Мирзияев күйеу баласының бауыры Ішкі істер министрлігінде қызметке ие болды

Ұлықбек Тұрсынов - Өзбекстан президентінің күйеу баласы Ойбек Тұрсыновтың туған бауыры.

53 жастағы полковник Ұлықбек Тұрсынов Өзбекстан ІІМ Есірткі саудасымен күрес жөніндегі басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы құқық қорғау органдарында істейтін екі шенеунік хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Ішкі істер министрлігі жаңа тағайындауға қатысты ресми ақпарат таратпады. Жергілікті баспасөз биыл маусым айында Тұрсыновтың Ташкент ішкі істер басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметінен босағаны туралы жазған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, сол кезде Тұрсыновты үйінен шығармай, оны бақылауда ұстаған.

AsiaTerra басылымында жарияланған материалда Тұрсыновтың қызметтен кетуіне оның "президент отбасымен жанжалы және мемлекет басшысының екі күйеу баласы арасындағы бақталастық себеп болған".

Ұлықбек Тұрсынов - Өзбекстан президентінің күйеу баласы Ойбек Тұрсыновтың туған бауыры.

Басылым мақаласында Тұрсынов есімі көптеген жанжалда аталғанын жазды. Тұрсынов түрлі кәсіптерді, жер телімдерін тартып алумен де айналысқан, делінген AsiaTerra материалында.

– Қазір ол басшының орынбасары қызметінде отыр. Бұл қызмет министрлікте болғанымен, оның күші жоқ. Естуімше, Тұрсынов бұл қызметте бақылауда болады. Оның бұл қызметке тағайындалуын қудалау деп атауға негіз бар, – дейді мақалада есімі аталғанын қаламаған шенеунік.

Ойбек пен Ұлықбек Тұрсыновтардың әкесі Батыр Тұрсынов Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: