Алматыда іздеу жарияланған үш балалы әйелге тиесілі жер телімі сатылды. Себебі ол бірнеше жыл бойы балалар үйіне тапсырылған балаларының тағдырына араласпаған, деп хабарлайды zakon.kz.
Әйелдің өзі маскүнемдікке салынған. Оның балалары балалар үйінде болған. Қазіргі уақытта бір баланы біреулер асырап үлгерді, екіншісін әкесін алған, ал кішісі патронатта.
Алматы қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметі хабарланғандай, 2016 жылы жеке сот орындаушысы алматылық әйелден балаларының қамқоршыларының пайдасына ақша өндіру туралы іс қозғады. Бірақ ол алимент төлемеген.
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде мәжбүрлеу шаралары қабылданды: мүлікті сәйкестендіру, оны қамауға алып, басқа елге шығуына шектеу қойылды.
Борышкердің тұрғылықты жерінде болмауына байланысты сот қаулысымен азаматша Ж. іздеуде болды. Сот актісінің ұзақ мерзімді орындалмауы 2 миллион теңгеден астам қарыздың жиналуына әкеліп соқты. Атқарушылық іс жүргізу барысында борышкер үшін Алматы облысында орналасқан жер учаскесі түрінде жылжымайтын мүлкі анықталды, деп хабарлады әділет департаменті.
Жер учаскесі сотта бағаланып, сатуға қоюға рұқсат берілді.
Мүлікті сату нәтижесінде 904 000 теңге көлеміндегі қаражат қарызды ішінара өтеу ретінде алынды. Қарыздың қалған бөлігін өндіру бойынша жұмыс жалғасуда, деп атап өтті департаменттегілер.
Баланы асырап алған отбасы биологиялық анаға алимент өндіру туралы талаптардан бас тартқандығына байланысты жерді сатудан түскен ақша тағы екі баланың есепшотына түседі.