Соңғы екі аптада республикамыздың барлық аймақтарында COVID-19 ауруын жұқтырушылар санының артуы байқалды, деп хабарлайды zakon.kz.
- Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 2,6 есеге өсті, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында ауру 6,6 есеге, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай облыстарында 3 есеге өсті, - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.
Бүгінгі таңда ПТР зертханаларының қазіргі қуаттылығы тәулігіне 71 868 тест қабылдай алады. Соңғы аптада зертханаларда тест қабылдау деңгейі 9% -ға артты (тәулігіне 64 мыңнан 70 мыңға дейін).
Жалпы, пандемия басталғалы бері коронавирустан 1867 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 405 адам қайтыс болды.