Қостанай тұрғыны алкоголь өнімін заңсыз сатқан

parusmoscow.ru
Лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға болмайды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде алкоголь өнімін заңсыз тасымалдау және сату дерегі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында Қостанай қаласы тұрғынының алкоголь өнімін заңсыз сатып алып, лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандығы анықталды. Аталмыш азамат автокөліктерге жанармай құю станциясы маңында "Mercedes-Bens Sprinter" автокөлігінде Тобыл қ. алдын ала сатып алған бес литрлік бөтелкелерде 2 770 литр көлемінде ішімдік және 200 литр спирт сақтап, тасымалдаған.

Қостанай қалалық сот үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК 214-б. 1-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды