Барша қырғыз жабылып, шынымен де Қытай алдындағы қарыздан құтылмақ

gov.kg
Қырғызстанның сыртқы қарызы 4 млрд 169,6 млн долларды құрайды.

Қырғызстанда президент міндетін атқарып отырған премьер-министр Садыр Жапаров Қытай алдындағы мемлекет қарызын қайтару үшін арнайы есепшот ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Ол бұл жөнінде 4 қарашада Жалал-Абад облысында тұрғындармен кездесу кезінде айтты.

"Маған сенетін мигранттар және жеке кәсіпкерлер Қытайға қарызды қайтару үшін арнайы есепшот ашып жатыр. Екі-үш күнде бұл мәселе шешіледі. Біз ашықтықты қамтамасыз етеміз", - деді ол.

Жапаров осыған дейін басқа аймақтарда халықпен кездесу кезінде қарызды қайтаруға елдің ішкі ресурстары жеткілікті деген.

Қытай алдындағы қарызды қайтару үшін халықтан ақша жинайық деген ұсынысты қазан айында парламент депутаты "Әйелдер кеңесі" бірлестігінің жетекшісі Айнұры Алтыбаева айтқан.

"Қазір мемлекеттік банктен есепшот ашу шарттары шешіліп жатыр. Барлық төлемдер сайтта жарияланып тұрады", - деген ол.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы 4 млрд 169,6 млн долларды құрайды. Оның 1 млрд 776,29 млн доллары Қытайдың "Эксимбанктен" алынған несие.

2018 жылы Қырғызстанның премьер-министрі болған Мұхаммедкалый Абылгазиев та арнайы есепшот ашу туралы ұсыныс айтқан. 2007 жылы премьер-министр болып тұрғанда, экс-президент Алмазбек Атамбаев та арнайы есепшот ашқан. Бес жыл ішінде 20 мың доллар жиналған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз