Қарағанды облысының Балқаш қаласында коронавирусқа байланысты 24 қазанда енгізілген қатаң шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Балқаш қаласының аумағында коронавирус инфекциясының тіркеу жағдайларының көбеюіне байланысты 24 қазан сағат 00.00-ден бастап карантиндік шектеулер күшейтілген болатын.
Қаулыға сәйкес, қалада келесі шектеулер енгізілген еді:
1. 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуды шектеу.
2. Кәмелетке толмаған балалардың ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салу.
3. Жаппай жиналатын орындар: гүлзарлар, саябақтар, жағалаулар мен үйлердің аулаларындағы балалар алаңдары жабылуы.
4. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жұмысын жандандыру (65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге, зейнетақы алуға және т.б. көмек).
5. Бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілердің телефондарын, жеткізу қызметтерін жариялау.
6. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмысшыларды жеткізетін қоғамдық көліктерді қоспағанда, қала бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысын шектеу;
7. Балқаш станциясын, Қоңырат шағын ауданын қоса алғанда, қала аумағында жеке автокөліктің барлық түрлеріне сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін жүруге тыйым салу. Құқық қорғау, арнаулы қызметтер мен медициналық мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда;
8. Қоғамдық тамақтану объектілеріне: объектілердің жұмыс уақытын сағат 22.00-ге дейін шектеу.
9. Азық-түлік сауда объектілеріне: объектілердің жұмысын сағат 22.00-ге дейін шектеу.
10. Қызмет көрсету саласындағы объектілерге: шаштараздар, сұлулық салондары, моншалар, сауналар. Қызмет көрсетуді алдын ала жазылу бойынша қатаң жүзеге асыру, бұл ретте дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді ескере отырып, келушілер арасындағы аралықты сақтау қажет.
11. Кәсіпкерлік субъектілеріне: объектіге келушілерді бетпердесіз және катаральды құбылыстармен (жөтел, мұрынның бітелуі, температура) жібермеуге міндетті.
12. Қалада полиция бөлімі мен әскери полиция күштерімен тәулік бойы патрульдеу ұйымдастыру, 3 адамнан артық адамдардың жиналуына жол бермеу.
13. Балқаш қаласының аумағында орналасқан әскери бөлімдер қашықтағы жұмыс режиміне (қызметкерлердің кемінде 50% - ы), оның ішінде азаматтық персоналға көшіру.
Бүгіннен бастап аталған шектеулер алынып тасталды. Қала аумағында бүкіл облыс бойынша қарастырылған жалпы шектеулер күшінде болады.