Қазақстанның алтынвалюта қоры 33,6 млрд долларды құрады

Бағалы металдар нарығындағы негізгі анықтаушы фактор АҚШ-тағы сайлауға қатысты белгісіз күйде болды.

ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова алтын нарығындағы жағдайға және еліміздің алтынвалюта активтерінің жай-күйіне түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазанда алтынның бағасы төмендеу траекториясын жалғастырды және бір айда бір унция үшін 1883,4 доллардан 1875,8 долларға немесе 0,4%-ға төмендеді. Бағалы металдар нарығындағы негізгі анықтаушы фактор АҚШ-тағы сайлауға қатысты белгісіз күйде болды.

"Алтын бағасының төмендеуі іс жүзінде ҚРҰБ-тың алтын портфеліне әсер етпегенін айта кеткен жөн, өйткені ол басым құқықты іске асыру шеңберінде отандық алтынды сатып алумен реттелген болатын. Қазанның соңында Ұлттық Банктің алтын портфелі 23,2 млрд долларды құрады. Дегенмен, алдын ала деректер бойынша" алтынвалюта активтері бір айда 200 млн долларға қысқарып, қазанның соңында 33,6 млрд долларды құрады, АВА-ның төмендеуі негізінен шамамен 90 млн доллар көлемінде мемлекеттік борышты төлеуге және 91,3 млн доллар көлемінде валюталық интервенция жүргізуге байланысты болды", - деді Әлия Молдабекова.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: