Біртановтың адвокаты мәлімдеме жасады

depzdrav.gov.kz
Біртанов 7 қарашада үй қамағына босатылды.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді. Мұны оның адвокаты Дмитрий Куряченко жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мен қорғауға алған Елжан Біртанов бүкіл Қазақстандағы әріптестеріне және қоғам қайраткерлеріне, блогерлерге, журналистерге және осы қиын жағдайда оған қолдау білдіргендердің барлығына шын жүректен алғыс айтады, - деді ол.

- Бұрынғы министр үшін қазақстандықтардың қолдап жатқанын білу маңызды болды. Бұл - ол үшін үлкен мәртебе, - деді адвокат.

3 қарашада Қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды.

Осыдан кейін Қазақстан дәрігерлері оны үй қамағына босату туралы ұжымдық хат жазды. Тіпті оны қолдауға арналған петиция басталды. Іле-шала Нұр-Сұлтан сотына белгілі дәрігерлер мен депутаттардан кепілдік хат келіп түсті. Нәтижесінде Біртанов 7 қарашада үй қамағына босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Қазақстанда алғашқы медициналық көмек қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу тәртібі белгіленеді

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті