Алматы облысында 16 полицей "Халық алғысы" медалін иеленді

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Марапаттарды қызмет көрсету орындарындағы басшылар табыс етті.

Жаһанды жайлаған коронавирус індетіне қатысты пандемия кезінде тәртіп сақшылары блокпостарда тәулік бойы кезекшілікке түсіп, карантиндік аймақтардың бұзылмауын қадағалап, науқастармен байланыста болған адамдардың орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәулік бойы өз отбасыларынан жырақта қызмет атқарды, өздеріне бекітілген аумақта карантин талаптарының қатаң сақталуын профилактикалық тексеруді тұрақты жүзеге асырды. Сонымен қатар, қылмыстарды ашып, құқық бұзушылар мен қылмыскерлерді ұстады.

Марапатқа ие болғандар қатарында учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция батальонының инспекторлары, Талдықорған ҚПБ патрульдік полиция ротасының инспекторлары, уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлері, ЖПҚБ қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету тобының инспекторлары бар.

Күрделі вирустық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, марапаттарды қызмет көрсету орындарындағы басшылар табыс етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі