Азамат Сқақов Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының вице-президенті болды

Сқаков Азамат Нұрлыбекұлы 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап вице-президент қызметіне тағайындалды.

Орталық кеңес төрағасы А.Ж.Игбаевтың келісімімен "Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қауымдастығының құрылтайшыларының жалпы жиналысында Сқақов Азамат Нұрлыбекұлы Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және "Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы" заңды тұлғалар және жекеменшік кәсіпкерлер қауымдастығының Жарғасынының 30-бабын негізге ала отырып, Сқаков Азамат Нұрлыбекұлын 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап вице-президент қызметіне тағайындауды бұйырамын", – делінген Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасының хабарламасында.

Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп Палатасы 2009 жылы қыркүйекте "АгроОдақ Қазақстан" ауыл шаруашылық фермерлері қоғамдық бірлестігі" қауымдастығының негізінде құрылған.

ҚҰАП-ның басты мақсаты – палатаға мүшелердің мүддесі мен құқығын қорғау, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен агробизнес өкілдері арасында диалог ұйымдастыру, ауыл шаруашылық саласында ортақ стратегия құру.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: