СҚО-да "ақылды" блок-бекеттер орнатылып жатыр

24.kz
Блок-бекеттерге сонымен қатар дене қызуын өлшейтін тың құрылғылар қойылады.

СҚО-да карантиндік бекеттер цифрландырылады, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар-24"-ке сілтеме жасап.

Қазір Петропавлдың кіреберіс жолдарына 15 ақылды камера орнатылып жатыр. Енді қалаға келетін жүргізушілер рұқсат қағаздарын электронды базаға алдын ала жібере алады. Ал бақылау жүйесі мемлекеттік нөмірді бірден танып, өтуге рұқсат береді. Бұл полицейлердің де, адамдардың да уақытын үнемдеп, көлік кептелісін болғызбауға септігін тигізеді.

Блок-бекеттерге сонымен қатар дене қызуын өлшейтін тың құрылғылар қойылады.

Бақытжан Ермаханов, мердігер ұйымның қызметкері:

– Автокөлік Петропавл қаласына келе жатқанда камера көлік нөмірлерін біліп, полиция қызметкері оны көріп тұрады. ПТР-тестінің, құжаттарының, рұқсатнама қағаздарының бар немесе жоқ екендерін тексереді. Тағы да тепловизор қоямыз. Тепловизор машинада қанша адам отырғанын көрсетеді. Жолаушының температурасы көтерулі болса, бірден белгі береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі