Алаяқтар "Азаматтарға арналған үкімет" атынан қоңырау шалуды жиілетті

Азаматтарға арналған үкімет
Мемлекеттік корпорация коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы соңғы ай ішінде азаматтарға қоңырау шалып, өзін ХҚО қызметкерімін деп таныстырып, қарызын төлеуді немесе тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды. "Азаматтарға арналған үкімет" пен қызмет алушылар арасындағы кез келген байланыс 1414 нөмірінен жолданатын SMS хабарлама түрінде ғана болуы мүмкін, азаматтарға брондау, құжаттар мерзімінің аяқталуы, құжаттың дайын болғаны немесе композит қызметтеріне қатысты хабарламалар жолданады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға мұқият болып, жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпауға кеңес береді. Аталған мәселе бойынша алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер құқық қорғау органдарына хабарласа алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты