Назарбаев Қордайдағы оқиға туралы: Алдын ала қам жасай білу керек

ҚР ІІМ
Елбасы Ассамблея мемлекеттік орган емес екендігін, бірақ олардың әкімдіктермен және жергілікті кеңестермен бірге әртүрлі этностардың азаматтары арасында көптеген жұмыстар жүргізуде өзіндік рөлі барын да атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Кеңесінің отырысында жергілікті өңірдегі проблемаларды анықтап, біліп, алдын ала қам жасауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы қайғылы оқиғаны еске түсірейік. Бізде қазақ және орыс тілдерінде сөйлей алатын, жергілікті халыққа мемлекеттік саясатты түсіндіре алатын спикерлер даяр болуы керек. Жергілікті кеңестер мен қоғамдық келісім кеңестері белсенді жұмыс істеуі тиіс, мәселені жергілікті жердің тыныс-тіршілігін, ахуалын өте жақсы білуі керек. Ауылда қай жерде, не болып жатқанын барлығы білетін шығар. Біз қай жерде не болуы мүмкін екенін алдын ала біліп, болжай аламыз, сондықтан ала қам жасап, жұмыс істеп үйрену керек, түсіндіру керек. Бұл - ең бастысы, - деді Назарбаев.

Елбасы Ассамблея мемлекеттік орган емес екендігін, бірақ олардың әкімдіктермен және жергілікті кеңестермен бірге әртүрлі этностардың азаматтары арасында көптеген жұмыстар жүргізуде өзіндік рөлі барын да атап өтті.

- Бір нәрсе жасап, бүлдіргісі келетіндер, саусақпен санарлық. Біз оны білуіміз де мүмкін, бірақ әкімдіктермен, кеңестермен, құқық қорғау органдарымен және ҚХА-мен бірге белсенді жұмыс атқарып, оның алдын ала аламыз. Яғни, белсенді профилактикалық іс-шаралар өткізу қажет, - деді Елбасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі